Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды

Бүгін таңертең Киев қаласы дронмен, ал Днепропетровск пен Сумы облыстарындағы инфрақұрылымдар зымырандармен атқыланғаннан кейін Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды.

Бұған дейін Киев мэрі Виталий Кличко өзінің Телеграмм каналында шаһардың Камикадзе дрондарымен атқыланғанын хабарлаған еді.

Атыс-шабыстан тұрғын үйлердің тас-талқаны шықты. Кей ғимараттар өртеніп жатыр. Жарылыс басталғанда халық жұмысына, ал балалар мектебіне бара жатқан. Тұрғындардың көбі жақын маңдағы бомбыдан сақтануға арналған жерлерде тығыла бастады. Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпар жоқ.