Гаитиде премьердің отставкасын талап етті

Гаитиде премьердің отставкасын талап етті

Гаитиде мыңдаған адам шеруге шықты. Олар Премьер-министр Ариэль Анридің қызметтен кетуін талап етуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілердің айтуынша, қазіргі биліктің басқару жүйесі халық үшін тиімді болмай тұр. Таяуда Гаити үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өтініш жазған еді. Олар ел аумағында шетелдік әскерді орналастыруды сұрап отыр. Дүйсенбіде АҚШ пен Мексика елдері БҰҰ-ның отырысында Гаитиге гуманитарлық көмек жіберетінін мәлім етті.

Айта кету керек, елдегі жағдай түрлі апаттарға байланысты күн санап нашарлап барады. Тұрғындар арасында қазір тырысқақ ауруы өршіп, жүздеген адам аурухаға түскен.