Ресей мен Украина тұтқындар алмасты

Запорожьде Ресей мен Украина арасында тұтқындар арасында алмасу болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мәліметтерді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі беріп отыр. Деректерге қарасақ, 110 Ресей азаматы босатылды. Олардың 72-сі теңізшілер. Бұл мәліметті Украина тарапы растап отыр, 108 украиналық әйел қамаудан жіберілгені белгілі болды. Тұтқындармен алмасу және одан әрі келісімдер жасау үшін Ресей мен Украинаның адам құқықтары жөніндегі уәкілдері Татьяна Москалькова мен Дмитрий Лубинц кездесті.

Татьяна Москалькова, РФ адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

– Бүгін тұтқындарды айырбастау арқылы теңізшілер үйге оралады. Біз үшін қауіпсіздік дәліздерін және эвакуацияланғандармен жұмыс істеуді қамтамасыз ету маңызды.