Еуропада құс тұмауы өршіді

Еуропада құс тұмауы өршіді

Еуропа едерінде құс тұмауы өршіп тұр. Еуропалық азық-түлік қауіпсіздік агенттігінің статистикасына сай өткен жылдың күзінен бері Еуропадағы фермаларда 48 млн құстың көзі жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, ондағы 2500 қанаттыда құс тұмауы анықталған. Одан бөлек жабайы табиғатта мекендеген 3500 құста вирус табылды. Эпидемия Еуропаның 37 елінде етек жайған. Салдарынан дүкен сөрелерінде тауық еті мен жұмыртқаның бағасы аспандап, тапшылық сезіле бастады. Сарапшылардың айтуынша, бұрын құс тұмауы маусымдық ауру болса, бүгінде вирус жыл бойы тарала бастады. Алайда инфекцияның құстан адамға жұғу фактілері кездескен жоқ. Бірақ мамандар теориялық тұрғыдан қауіп бар екенін ескертеді.