Солтүстік Корея артиллериялық снарядтарды ұшырды

Солтүстік Корея артиллериялық снарядтарды ұшырды

Солтүстік Корея артиллериялық снарядтарды кореяаралық буферлік аймаққа ұшырды. Бұл туралы жергілікті мемлекеттік БАҚ өкілдері хабарлайды.

Солтүстік Кореяның батыс жағалауында теңізге 100-ге жуық, ал шығысында 150 снаряд атылды. Бір қызығы, ұшыру операциялары Оңтүстік Кореяның жыл сайынғы әскери жаттығуларынан кейін басталған.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Пхеньян қыркүйек айында баллистикалық зымырандардың сынақтарын жүргізген болатын.