Ұлыбританияда инфляция 40 жылда болмаған көрсеткішке жетті

Ұлыбританияда инфляция 10% асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – кейінгі 40 жылда болмаған көрсеткіш. Азық-түлік бағасының шарықтағанына осымен 14 ай болды. Әсіресе ет, нан және сүт өнімдері айтарлықтай қымбаттаған. Коммуналдық қызмет ақысы да өскен. Бұған газ сияқты энергия тасымалдаушылардың қымбаттауы себеп. Оның үстіне коронавирус пандемиясына байланысты туындаған логисткалық қиындықтар мен жұмыс күшінің тапшылығы да ахуалды ушықтырып жіберді. Ал сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар: «Қазанда инфляция 13% жетуі мүмкін», – дейді.