Италия үкіметін алғаш рет әйел премьер-министр басқарады

Италияда алғаш рет ел премьер-министрі әйел адам болмақ.

Джорджа Мелони жаңа үкімет басшысы болуға келісті. Бұл жайында президент баспассөз қызметі мәлім етті. Жоспар бойынша Мелони Италия үкіметін құру мандатын қабылдап, бүгін ант беру рәсімін өткізеді. Ал Еуропарламенттің бұрынғы басшысы Антонио Таяни Сыртқы Істер Министрлігін басқарады. Ал Маттео Сальвини инфрақұрылым және көлік министрі болады. Мелони бұған дейін, үкімет басшысы болса, Еуропа мен Атлантикалық альянстың бір бөлігі бола отырып,  елдің сыртқы саясатына басымдық беретін айтқан. Айта кету керек, ол Италияның “оңшылдар” партиясының жетекшісі болатын.