Бразилияда полицейдің иті интернет жұлдызына айналды

Бразилияда полицейдің иті интернет жұлдызына айналды

Бразилияда Капрал атты ит полицейлерге қолғабыс етеді. 3 жыл бұрын тәртіп сақшыларының бірі оны бөлімшенің маңынан тауып алған.

Ер адам аш және жаралы жануарды үйіне әкетіп, оны бағып қаққан. Сөйтіп, бір күні әзілдеп, Капралға полицейлердің арнайы киімін кигізіп, суретке түсірген. Артынша ол сурет әлеуметтік желіде тез тарап, иттің жеке өзіне арнап аккаунт ашуға тура келген. Қазір ондағы жазылушылар саны 100 мыңнан асады. Ал төрт аяқты полицейлерге қоғамдағы тыныштықты сақтауға көмектеседі.