Си Цзиньпин Қытай компартиясының бас хатшылығына қайта сайланды

Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болып қайта сайланды.

Қытай басшысы бұл қызметке осымен үшінші рет бекітіліп отыр. Сонымен қатар ол Қытайдың жоғарғы әскери органы - Орталық әскери кеңестің төрағасы болды. Бұдан бөлек бүгін коммунистік партия орталық комитетінің саяси бюросы тұрақты комитетінің жаңа құрамы жария етілді. Оған Си Цзиньпиннен бөлек тағы 6 адам енді. Естеріңізде болса, кеше коммунистиік партияның XX съезі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша партия жарғысына бірқатар түзету енгізілді.