Боливиядағы шеруде адам қаза тапты

Боливиядағы шеруде адам қаза тапты

Боливияның Санта-Крус қаласында жүздеген адам көшеге шықты.

Олар елдегі халық санағы мен тұрғын үй қорының мерзімін ұзартуға қарсы. Себебі қосымша қаржылай көмектен қағыламыз, дейді тұрғындар. Алайда шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласып, 1 адам бақилық болды. 

Қазір қаладағы бірнеше көше жабық. Кәсіпорындар жұмыс істемейді. Билік өкілдері халықты бітімге шақырып жатыр. Жалпы бұл Санта-Крус шаһарында 3 миллионнан астам адам тұрады. Қала ауыл шаруашылығының негізгі өндірушісі саналады. Сондықтан шеру жалғаса берсе, азық-түлік жеткізу ісінде айтарлықтай қиындық болуы мүмкін.