Мексика тайфун салдарынан біраз шығынға ұшырады

Мексика тайфун салдарынан біраз шығынға ұшырады

Мексикада алапат «Рослин» тайфуннан кейін жөндеу, қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пуэрто Вальярта қаласының тұрғындары дауылдан кейін енді ес жинады. Құтқару қызметінің жұмысшылары зардап шеккен өңірлерде, қираған шатырларды жөндеп, сынған ағаштардан көшелерді тазартып жатыр. Осы жексенбіде алапат тайфуннан елде 3 адам қаза тапқан. Екпінді желдің жылдамдығы кей өңірлерде сағатына 110 шақырымға дейін жеткен. Синоптиктердің болжамынша, тайфун енді Мексиканың батыс және орталық аймақтарына соққы беруі мүмкін.