Рекорд: Үндістанда 20 мыңға жуық адам бір уақытта бір жарым млн шам жақты

Үндістанның Айодхья қаласында ерекше оқиға болды.

Бір мезгілде 20 мыңға жуық адам бір жарым миллион шам жаққан. Бұл Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ерекше көрініс Сарью өзенінің жағасында болған. Бұл шара  елдегі Дивали мерекесіне орай, шамдар фестивалі аясында өтті. Жаңа рекорд орнату үшін  шамдарды 40 минут бойы жағу керек болды. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері кем дегенде 5 минут жанып тұрған шамдарды тіркепті.