Адам саудасы: құлдық құрдымға кеткен жоқ

Былтыр әлемде 50 миллионға жуық адам құлдықтың құрбаны болған. Бүгінде дүние жүзіндегі бірде-бір мемлекет құлдықты қолдамайды. Ғылым мен ілім, технология дамыған заманда оны елестету тіпті мүмкін емес. Алайда қанша жерден заң қатаңдай түссе де қылмыс азаймай тұр. Әлемдегі құлдық мәселесі жайлы толығырақ «Шартарап» айдарында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 28 миллионға жуығы күштеп жұмысқа тартылған. Соның 12 пайызы балалар. Қалған 22 миллион адам еріксіз неке қиған. Бұл Халықаралық еңбек ұйымы келтірген мәлімет. Есеп авторларының мәліметінше, мәжбүрлі еңбекке тартылғандардың дені Азия-Тынық мұхиты аймағында тіркелген. Мұнда 15,1 миллион адам құлдықтың құрбаны болған. Ал Еуропа мен Орталық Азияда 4,1 миллион, Африкада 3,8 миллион, Америкада 3,6 миллион, Араб елдерінде 0,9 миллион адам екен. Ұйым өкілдерінің айтуынша, кейінгі жылдары құлдықтағы адам саны жыл сайын артып барады. 2016 жылдан бері көрсеткіш 10 миллионға өскен.

МЕКСИКА

Дүние жүзінде қару-жарақ сату мен есірткі бизнесінен кейін осы құлдық, адам саудасы тұр. Демек оған сұраныс бар деген сөз. Сұраныс болған соң тұтынушының қажетін өтейтін саудагер де табылады. Бұл – заңды құбылыс. Алайда қай адам өз еркімен құл болуға көнсін? Сондықтан қылмыскерлер ең алдымен адамдарды алдап-арбау, ұрлау қадамдарына жиі баратын көрінеді. Мысал ретінде, Мексикадағы мәселені алайық. 2014 жылы Игуала қаласында 43 студент жоғалып кетті. Олардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, студенттерді жергілікті полицейлер көлігіне салып әкеткен. Қазірге дейін осы оқиға бойынша 36 полиция қызметкерінің түсініктемесі алынған. Мамандардың сөзінше, бұл істің заңсыз есірткі тасымалымен байланысты болуы мүмкін екен.

ТАИЛАНД

Бүгінде адам саудасы халықаралық мәселеге айналып отыр. Осы қылмыстың салдарынан адамның ең басты құқығы аяқ асты болуда. Сондықтан бұл мәселеге әр мемлекет ерекше назар аударып келеді. Мәселен, Австралия сыртқы істер министрі жуырда Тайланд премьерімен кездесіп, адам саудасымен күрес туралы келісімге қол қойды. Өйткені Австралияда адам саудасы күштеп жұмысқа жегу, жыныстық эксплуатация, кәмелеттік жасқа толмағандардың саудасы түрінде жиі көрініс таба бастаған. Қазір осындай іс бойынша қылмыстық топ басшысы