АҚШ Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені тағы көтерді

АҚШ Федералдық резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені 0,75 процентке көтеріп, оның жылдық көрсеткіші 4 процентке жетті.

Осылайша мөлшерлеме алтыншы рет өсіп отыр. Агенттік басшысы Джером Пауэлл шара елде адамдарды жұмыспен қамтуды жақсарту және инфляцияның деңгейін 2 пайызға дейін түсіру үшін қолға алынғанын айтады. Ресми дерекке сүйенсек АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме қыркүйек айында 6,6 процентке жеткен.