Танзанияда шағын ұшақ апатқа ұшырады

Танзанияда шағын ұшақ апатқа ұшырады

Танзаниядағы Виктория көліне шағын жолаушылар ұшағы құлады.

Оқиға Букоба қаласының әуежайына қона бергенде болған. Әуе кемесінің бортында 49 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі отырған екен. Соңғы мәліметке қарағанда, 23 адам құтқарылды. Қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ұшақтың құлауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Өйткені осы кезде жаңбыр жауып, қатты жел соққан.