Германия Иранға санкция салады

Германия Иранға қарсы қосымша санкциялар енгізбек.

Бұл  туралы канцлер Олаф Шольц мәлімдеді. 

Ирандағы наразылық акциялары мен Ресейге әскери дрондарды жеткізу санкцияларға түрткі болған көрінеді. Еуропалық Одақ жаңа санкцияларды ертең талқылайды. Иранда қарсылық шаралары әлі жалғасып жатыр. Ереуілдер толқынына 22 жастағы Махса Аминидің қазасы себеп болған.