Албанияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті

Албания астанасы Тиранада мыңдаған адам бағаның өсуіне қарсы шеруге шықты.

Наразы жұрт күн санап азық-түлік бағасы шарықтап бара жатыр деп шағымданды.

Шерушілер премьер-министрдің қызметтен кетуін талап етуде. Соңғы деректерге сәйкес, бұл наразылық акцияны оппозиция өкілдері ұйымдастырған. Қарсылық шараның кесірінен шаһардың басты көшелерінде көлік қозғалысы тежелді. Жалпы шеру бейбіт түрде өтсе де кейбір ашуға ерік бергендер тәртіп сақшыларының қорғаныс шебін бұзуға  тырысқан. Полиция  бір адамды қамауға алды. Айта кетейік, елде биыл азық-түлік бағасы 8 процентке өсті, сондай-ақ жанармайдың құны да шарықтап кеткен.