ЕО Украинаға 8 млрд-тан астам еуроға қару-жарақ пен техника бөлген

Еуропалық Одақ Украинаға қазірге дейін 8 млрд-тан астам еуроға қару-жарақ пен техника бөлген. Бұл туралы ұйымның Сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл АҚШ-тың Киевке көрсеткен әскери қолдауының 45% болады. Брюссель Киевке жәрдем беру жалғастырыла беретінін айтып отыр. Еске сала кетейік, жақында Еуроодақ Киевке келесі жылы 18 млрд еуроға жеңілдікпен несие бөлетінін жариялаған болатын. Енді шешімді Еуроодақ Кеңесі мен Еуропарламент қарастырып, бекітуі тиіс. 

Жозеп Боррель, ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Біз Ресейді оқшаулап, оның экономикасына шектеу шараларын енгізуді жалғастыра береміз. Сонымен қатар бұл елге қару-жарақ және техникамен қолдау білідіріп жатқан Иран және Беларусь сияқты мемлекеттерге де шаралар қолданатын боламыз.