Венесуэлада су тасқыны басылар емес

Елдің бірнеше ауданы топан су астында қалды.

Аймақта екі ай бұрын басталған жауын-шашынның әлі де тоқтайтын түрі жоқ. Осы уақыт аралығында 90-нан астам адамның мерт болғаны белгілі. Тағы жүздеген тұрғынның не өлі, не тірі екені белгісіз. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жуырда тасқын мен лай көшкінінен бір отбасының 3 мүшесі жоғалды. Қазір мамандар қауіпті аймақтардағы тұрғындарға жете алмай әлек. Өйткені көшкін жүріп, жолдарды су шайып кеткен. Болжам бойынша тасқыннан 900 адам зардап шекті.