Түркияда қонақүй бағасы өсуі мүмкін

Келесі жазда Түркия қонақүйлеріндегі бағалар 30-50 өсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлайды. Оған инфляция себеп. Соның салдарынан азық-түлік қымбаттаған. Енді мейманхана иелері: «Қызметкерлердің жалақысын көтеру керек», – дейді. Түрік елінде биыл инфляция 85% асып кетті. Бұл – кейінгі 25 жылда болмаған жағдай. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елге келген шетелдік туристер саны 50 млн-ға жетуге тиіс. Былтыр ол көрсеткіш 30 млн шамасында болған.