Колорадо штатындағы түнгі клубта атыстан 5 адам қаза тапты

АҚШ-тың Колорадо штатында түнгі клубтардың бірінде жаппай атыс болды.

Салдарынан 5 адам қаза тапты. Полицияның келтірген деректері бойынша 18 адам жараланған. Оқиға орнына 11 жедел жәрдем қызметі келді. Атысты ұйымдастырған 22 жастағы студент болып шықты.  Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстап үлгерді. Әзірге оның мұндай зұлым әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.   

Адриан Васкес, Колорадо-Спрингс полиция бөлімінің басшысы:

- Күәгерлердің сөзінше, күдікті клубқа кірген бетте адамдарға оқ жаудырған. Қазір ол қамауда, оған медициналық көмек көрсетілуде. Қаза тапқандардың аты-жөнін анықтап жатырмыз. Отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз.