Бразилияның ұлттық музейі келушілерге қайта есігін ашты

Бразилияның ұлттық музейі қайта жөндеу жұмыстарынан кейін келушілерге қайта есігін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме 2018 жылдан бері жабық тұрған болатын. Өйткені алапат өрттен ғимаратқа айтарлықтай зақым келген еді. 20 млн экспонат жиналған музей коллекциясының 80% жойылып кетті. Енді жеке тұлғалар мен өзге елдер сыйлаған экспонаттардың арқасында аталған мекеменің қызметі қайтадан жанданып отыр.