АҚШ-та тағы да жаппай атыс болды

Вирджиния штатында Walmart супермаркетінің менеджері әріптестеріне оқ жаудырып, соңында өзін атып тастады.

Алты адам өліп, тағы алтауы жараланған. Қайтыс болғандардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар екен. 

Нұрбек Бекен, тілші:

- Оқиға кеше түнде Вирджиния штаты Чесапик қаласындаңы Walmart дүкендер желісінің бірінде болған. Жалпы қазір АҚШ-та Алғыс айту мерекесі таяп қалды, одан кейін жаппай жұмадағы жеңілдіктер күні басталады. Мейрам қарсаңында Walmart дүкенінде халық та көп жүреді. Осы супермаркеттің бірінде түнгі ауысымында істейтін 31 жастағы менеджер демалыс бөлмесіне кіріп, тапаншадан әріптестеріне оқ жаудырады. Соңында өзіне қол жұмсайды. Қасгөй алты адамды өлтіріп, тағы бірнеше бейбіт тұрғын ауыр жараланды.

Джессика Бергес, хирург:

- Осы қоғамның мүшесі ретінде, ата-ана ретінде өте қатты қобалжып тұрмын. Екі күн бұрын ғана Колорад-Спирнгстегі әріптесіме қоңырау шалып, жаппай оқ атудың құрбаны болған азаматтарды қал-жағдайы туралы сұрап едім. Дәл сондай жағдай өзімнің басыма да келді. Бұл мені қатты алаңдатады.

Нұрбек Бекен, тілші:

- Дәрігер екі күн бұрын Колорадо-Спирнгс қаласында екі күн бұрын ғана болған оқиғаны еске алып тұр. Өткен демалыста түнгі клубта 22 жастағы студент 5 адамды атып, 19 адамды жаралады. Таяуда ғана тағы бір қаскөй Вирджиния Университетінде курстастарына оқ жаудырып, автобуста кетіп бара жатқан үш адамды атып тастаған. Gun violence arhive қарудан болатын зорлық зомбылық мәліметтерін күнде жинып отыратын сайттың мәліметінше, биыл АҚШ-та 600-ден астам жаппай оқ жаудыру оқиғасы тіркелген. Тек қазанның 21-нен бері 8 штатта осындай оқиғадан 51 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Авторы: Нұрбек Бекен