Р. Ердоған: Сирияда құрлық операциясы басталады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Сирияның солтүстігінде кез келген уақытта құрлықтағы әскери операция басталатынын хабарлады.

Айтуынша, Тель-Рифат, Манбидж және Айн әл-Араб елді мекендері толық күрд жасақтарынан тазартылу керек. Сонымен қатар Түркияның әуе шабуылдары да жалғаса беретінін мәлім етті. Анкара Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі «Күрдістан жұмысшы партиясына» қарсы әуе шабуылдарын қарашаның 20-сынан бері жалғастырып келеді. Бұл Ыстамбұл қаласында болған лаңкестік әрекетке қарсы ұйымдастырылған шара.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Түркияның Қарулы күштері барлық тиісті шараларды қолға алды. Әзірге әуе шабуылдары үздіксіз жүріп жатыр. Бұл тек басы ғана. Қолайлы уақытта лаңкестерге қарсы құрлықтағы операцияны бастаймыз.