Google компаниясы 10 мыңға жуық қызметкерін қысқартады

Google компаниясы 10 мыңға жуық қызметкерін қысқартады

Ал америкалық Google компаниясы 10 мыңға жуық қызметкерін қысқартпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, мекеме жұмысшыларының 6 % табыссыз қалуы мүмкін. Бұған не түрткі болғанын компания басшылығы әлі айтпады. Болжам бойынша, коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс көлемі ұлғайғандықтан қосымша алынған қызметкерлер енді қажетісіз болып қалған. Кей дерек көздері, компания табысы 3 есеге кеміген дейді.

Айта кетейік, таяуда IT алып компаниялары Meta мен HP де, жұмысшыларын жаппай қысқартқан еді.