Twitter бұғатталған аккаунттарға рақымшылық жариялады

Twitter-дің жаңа басшысы Илон Маск барлық бұғатталған аккаунтқа рақымшылық жарияламақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Си-Эн-Эн хабарлайды. Жоспар бойынша аккаунттардың жұмысы келесі аптада қайта іске қосылуға тиіс. Таяуда миллиардер әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында сауалнама жүргізген. Сол кезде 70% астам адам бұғатталған парақшаларды қайта ашуға дауыс беріпті. Алайда сарапшылар оның бұл қадамын құптамайды. Себебі желіде жалған ақпарат көбейіп, пайдаланушылар арасында араздық пайда болуы мүмкін. 

Сондай-ақ...