Камерунда лай көшкінінен 14 адам опат болды

Камерунда жерлеу рәсімі кезінде лай көшкіні жүріп, 14 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Тағы ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға осы елдің астанасы Яунде қаласының шеткі ауданының бірінде болды. Апаттың тууына не себеп екені белгісіз. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп отыр.