Грекияда шерушілер полициямен қақтығысты

Грекияның Салоники қаласында бозбаланың өлімі себеп болған бейбіт шеру полициямен қақтығысқа ұласты.

Тәртіпсіздіктер шеру кезінде бір топ адамның қоқыс жәшіктерін жағып, полицейлерге жанғыш шөлмектер лақтыруынан басталды. Тәртіп сақшылары оларды тыныштандыру үшін су шашып, көзді жасаурататын газ қолданды. Қақтығыс уақытында жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ал наразылыққа өткен аптада бір полицейдің жанармай бекетінде бензин құнын төлемей кеткен 16 жастағы баланы атып тастағандығы себеп болған. Бозбала алған жарақатынан ауруханада көз жұмады. Қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Балаға қару қолданған тәртіп сақшысы қамауға алынды.