Иорданияның Маан қаласында көлік жүргізушілері ереуілдетіп жатыр

Иорданияның Маан қаласында 7 күннен бері жүк және қоғамдық көліктердің жүргізушілері ереуілдетіп жатыр.

Олар жанармай бағасы мен салық көлемін төмендетуді талап етуде. Белсенділердің наразылығы өзгеше. Олар көшеде жүрмейді, тек қымбатшылыққа қарсылығын отырып білдіреді. Сондықтан бұл акция бейбіт өтіп жатыр. Бірақ арада бір апта уақыт өтсе де, үкімет тарапынан ешқандай жауап та, ұсыныс та болмаған.

Мәжит Шарари, Маан қаласының бұрынғы басшысы:

- Жүргізушілер ереуілде жүргенде үкімет жеке компанияларды жұмысқа тартты. Осылайша, олар белсенділердің сағын сындырамыз деп ойлайды. Бірақ бұдан түк шықпайды. Соңғы 8 ай бойы жанармай бағасы тек көтерілумен келеді. Негізі әлем бойынша жанармай арзандап жатыр. Тек бізде ғана түспей тұр.