Еуропа елдері газ бағасы бойынша келісті

Еуропалық Одақ газдың шекті бағасын мақұлдады.

Көгілдір отынның 1 мегаватт-сағатты 180 еуро деп бекітілді. Алайда жаңа талап келер жылдың 15 ақпанынан бастап күшіне енбек. Осы жолы Еуропалық Одақтың саясаткерлері ортақ шешімді бір ауыздан қабылдаған. Айта кетейік, бұл мәселе бірнеше апта бойы қызу талқыға салынды.