Аргентина чемпиондарын қарсы алды

Аргентина халқы аса қошеметпен чемпиондарды қарсы алды. Бүгін Буэнос-Айрестегі әуежайға Лионель Месси мен команда ойыншылары мінген ұшақ жерге қонды.

Мойнына алтын медаль таққан ойыншылар зор құрметке бөленді. Мыңдаған ұялы телефонның шамы жағылып, жанкүйерлер ыстық ықыласын көрсетті. Ашық автобусқа мінген чемпиондар өз кезегінде алғыстарын білдірді. Аргентина футбол қауымдастығының президенті Клаудио Фабиан Тапия Әлем кубогын аспанға көтеріп, шаттанды. Ел астанасы 36 жылдан кейін дәл осындай қуанышты тойлап отырғанын еске саламыз. Команда қарсыласы Францияны пенальтиде 4-2 есебімен жеңді. Ал финалдан соң, 35 жастағы Месси бұл оның әлем чемпионатындағы соңғы матчы болатынын мәлімдеді.