ОАР-да жанармай көлігінің жарылысынан 8 адам қаза тапты

Оңтүстік Африка Республикасында жанармай таситын көлік атылып, 8 адам мерт болды.

Апат көлік көпірдің астымен өтіп бара жатқанда болған. Оның цистернасының жоғарғы бөлігі төбеге тиіп кеткенге ұқсайды. Жапа шеккендер бар. Бірақ нақты қанша адамның жарақат алғаны белгісіз.