Жапонияда қалың қардан қаза тапқандар саны артты

Жапонияда жер де аппақ, көк те аппақ.

Жапалақтап жауған қар жолды тазартып үлгіртпей жатыр. Қоғамдық көліктер қаңтарылып, ұшақтар ұша алмай қалды. 6 мыңнан аса отбасы жарықсыз отыр. Қолайсыз күн райы кезінде 11 адам опат болған. Тағы 80-ге жуығы түрлі жарақат алды. Кей жерлерде қардың қалыңдығы белден келеді. Ниигата префектурасының солтүстігінде пойыз да жүре алмай қалған. Ал жолдарда апат көбейді. Билік тұрғындарға аса қажет болмаса үйден шықпауды ескертеді.