Бакуде ТМД-дағы ең биік шыршаның бірі жағылды

Бакуде ТМД-дағы ең биік шыршаның бірі жағылды

Бакуде ТМД-дағы ең биік шыршаның бірі жағылды.

Жаңа жылдық ағаштың ұзындығы – 34 метр. Бұл - ел астанасына келушілер мен тұрғындарға арналған жалғыз тосынсый емес. Қаланың қақ ортасында қонақтарды мерекелік дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі қарсы алады. Тұрғындар оны «жақсылық жәрмеңкесі» деп атады, өйткені жиналған барлық қаражат балаларды емдеуге және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге арналған. Жәрмеңкеде жергілікті және шетелдік дәстүрлі ас түрлері ұсынылады.

Севда Джафарова, тұрғын:

- Жаңа жылда бақыт, денсаулық, сәттілік тілеймін! 2023 жыл бәріңізге бақытты кездесулерді сыйласын! Баку жұртының атынан құттықтаймын.

Әлия Халилова, тұрғын:

- Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Тек қана сәттілін ала келсін! Бәріңізге денсаулық және бақыт тілеймін!