Германия НАТО-ның жедел әрекет ету тобын басқарады
Бүгіннен бастап Германия Федеративтік Республикасы Еуропадағы НАТО-ның біріккен жедел әрекет ету тобын басқарады.
Альянстың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Германия НАТО-ның ең жоғары дайындықтағы әскери бөлімін басқару қызметіне кірісіп кетті. Украинанадағы қақтығыстарға жауап ретінде құрылған топқа Еуропаның 9 мемлекеті мүшелік етеді. Әскерлердің бір бөлігі Румынияда орналасқан. Жедел топқа құрлықтық, әуе, теңіз, арнайы мақсаттағы күштер енген.