Дональд Трамп конгреске оралмақ
Дональд Трамп АҚШ Өкілдер палатасы спикеріне үміткер ретінде ұсынылды.
Республикашылдар партиясының конгресс мүшесі Мэтт Гетц бұрынғы президенттің кандидатурасын қолдап отыр. Гетцтің сөзінше, Дональд Трамптың президенттік кезеңі елдің ішкі және сыртқы саясатына сәтті болған.
Айта кетейік, АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы үш күн қатарынан спикерін сайлай алмай отыр. Спикерсіз жұмыс жүрмей, конгрессмендер ант қабылдап, міндеттерін орындай алмайды. Өкілдер палатасының спикері лауазымы АҚШ-тың мемлекеттік иерархиясында үшінші орында.