Ким Чен Ын тақ мұрагерін дайындап жатыр
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары бұл туралы жарыса жазуда. New York Times-тың хабарлауынша, Пхеньяндағы билік Кимнің «сүйікті қызына» беріледі және ядролық қаруларды дамыту саясаты елде сақталады. Соңғы уақытта халықтың алдына кішкентай қызын ертіп шығып жүрген Ким Чен Ын көпшілікті ойландырып қойды. Қараша айында зымырандарды сынақтан өткізетін алаңға олар бірге келген. Жаңа жыл қарсаңында әкесі мен қызының ортақ суреті тағы жарияланды. Сарапшылар, осылайша, популизм жолымен тақ мұрагеріне дайындық ерте бастан басталды деп топшылауда. Ал жергілікті халық Кимнің нақты қанша баласы барын білмейді. Оңтүстік Корея Ұлттық барлау қызметінің айтуынша, Ким Чен Ын – 3 баланың әкесі, үлкені – ұл. Ал ертіп жүрген қызының аты – Ким Чжу Э, ол шамамен 10 жаста.