АҚШ-та робот-курьер жұрт назарына ұсынылды

АҚШ-та өздігінен жүретін робот-курьер жұрт назарына ұсынылды.

Оңтүстік кореялық компанияның стартапы Лас-Вегаста өткен көрмеде халыққа көрсетілді. Оның салмағы 45 кг, ал жылдамдығы сағатына 7 шақырымнан асады. 4 дөңгелекті робот 25 келіге дейін жүк таси алады. Роботты гольф алаңдарында пайдалану жоспарлануда. Бұған дейін осы компанияның аппараты кофе құятын робот жасаған еді. Айта кетейік, таяуда Лас-Вегаста тұтынушылық электрониканың ең үлкен көрмесі өтті. Шараға әлемнің 170 мемлекетінен  заманауи технология жетістіктері көрсетілді.