Бразилияның экс-президенті ауруханаға түсті

Бразилиялық экс-басшы Жаир Болсонару ауруханаға түсті.

Оған АҚШ-тың Флорида штатындағы дәрігерлер жедел көмек берді. Ал Болсонарудың жақтастары ел астанасында  Парламент ғимараттарының, Жоғарғы Соттың және Мемлекет басшысының резиденциясын қорғауша алып, талқандаған еді. Полиция шамамен 1200 адамды қамауға алды. Бразилиада қаңтардың соңына дейін төтенше жағдай жарияланды. Ал АҚШ және өзге елдердің басшылары әлеуметтік желіде президент Лула да Силваға қолдау танытты.