Байден құпия құжаттарға қатысты тергеледі
АҚШ Президенті Джо Байден құпия құжаттарды сақтау ережелерін бұзғаны үшін Конгресс тергеуіне ілікті.
Бұл туралы өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти мәлім етті. Бас прокуратураның деректеріне сүйенсек, Байден вице-президент болып жүрген кезінде 10 шақты құпия құжатты Дела-вэр штатындағы үйінде, жеке кабинетінде сақтаған. Таяуда оның заң-герлері ол жақта, тағы бірқатар құпия деректері бар қағаздар тауыпты. Ақ үй басшысы бұл мәліметті жоққа шығармады, мойындап отыр. Қазір бұл істі арнайы құрылған прокурорлар қызметі тергеп жатыр. СNN-ның хабарлауынша, құжаттарда Украина, Иран және Ұлыбритания жайлы 2013-2016 жылдардағы құпия деректер жазылған. Айта кетейік, Америкада Заң бойынша, президент барлық арнайы құжаттарды Ұлттық мұрағат және құжаттама бас-қармасына тапсыруы тиіс.