Британдық ғалымдар барлық вирусты анықтайтын тест ойлап таппақ

Жаңа пандемиялар туралы алдын ала білуге болады. Британдық ғалымдар осылай деп отыр.

Олар ерте ескерту жүйесін жасамақ. Бұл үшін коронавирусқа жаппай тестілеу кезінен қалып қойған миллиондаған жағынды қолданылады. Болашақта тексеру барысында тест адамның тыныс алу жолдарындағы вирустың барлығын анықтай алады. Олардың ішінде ковид пен тұмаудан бөлек, өзге де түрлі вирустар бар. Қазір Еуропаның көп елінде коронавируспен қоса тұмауды жұқтыру деректері жиі тіркеліп жатыр.