Итэвон: 23 шенеунік жауапқа тартылды
Оңтүстік Корея билігі 23 шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғады.
Итэвон оқиғасы кезінде оқыстан опат болған 159 адамның өлімі үшін, жауапты деп танылған 6 адам қамауға алынды. Тағы 17 қызметкерге қатысты іс жалғасып жатыр. Күдіктілер қатарында Сеулдегі Йонсан ауданының мэрі және құқық қорғау органының қызметкерлері бар. 74 күнге созылған тергеу кезінде олар «кісі өлімі» және «немқұрайлық таныту» фактісі бойынша айыпталды.
Еске салайық, 28 қазанда Хэллоуин тойлауға келген, 100 мыңға жуық адамның қауіпсіздігін алаңда бар болғаны 137 полиция қызметкері қадағалаған.