Ұлыбритания Иранның бас прокурорына санкция салды

Ұлыбритания Иранның бас прокуроры Мохаммад Джафар Монтазериге қарсы санкция салды.

Мұндай шешімге кеше осы елдің Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Алирза Акбариді өлім жазасына кесіп, дарға асу түрткі болды. Акбариге тергеу Ұлыбритания үшін тыңшылық әрекетпен айналысты деген айып таққан. Мәліметке қарағанда ол құпия қызметі үшін 2 млн еуро алған көрінеді. Бұған қоса оның Ұлыбритания азаматтығы болған. Лондон осы оқиғаға байланысты «Иран билігі адам құқығын өрескел бұзып жатыр», деп санайды.