Қытайда бір айда 60 мың адам қайтыс болды
Қытайда соңғы бір айда коронавирустан 60 мың адам көз жұмған.
Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Билік қайтыс болғандардың 90% жасы 65-тен асқан қарт адамдар екенін айтады. Қытайда қараша айында шектеулерге қарсы жаппай наразылық басталып, желтоқсанда оның көбі алынып тасталды. Соның салдарынан елде індеттің таралуы қайта күшейеді. Бірақ өткен аптада жергілікті билік шектеулерді тағы жеңілдетіп, шетелдіктерге қатысты карантин шараларын жойды.