Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 72 адам болған.

Өкінішке қарай олардың барлығы қаза тапты. Ішкі рейсті орындаған, әуе кемесі ПоК-хара қаласына қонған кезде апатқа ұшырады. Ұшақ бірнеше бөлікке бөлініп, өртеніп кетті. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әуе компаниясы өкілінің хабарлауынша, бортта 10 шетел азаматы және екі нәресте болған.