Непалда ұшағы құлаған Yeti Airlines рейстерін тоқтатты

Непалда болған ұшақ апатынан кейін Ети Эйрлайнс компаниясы жолаушылар тасымалын тоқтатты.

Бір күн бұрын Катмандудан Покхара қаласына ұшқан әуе кемесі апатқа ұшырағанын еске саламыз. Ұшақта экипаж мүшелерімен бірге 72 адам болды. Елдің азаматтық авиация басқармасы 68 жолаушының қаза болғанын растады. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша апатқа ұшақтағы техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.