SpaceX ауыр зымыран ұшырды
Американдық "Спейс Икс" компаниясы ауыр зымыранын ұшырды.
Шара Флоридадағы ғарыш айлағынан жүзеге асырылды.
Бұл жолы "Фэлкон Хэви" кеңістікке АҚШ ғарыш күштерінің байланыс жерсерігі мен Пентагонның аппаратын алып шықты. "Спейс Икс" компаниясы былтыр 61 зымыран ұшырды. Осылайша мемлекеттік және жеке компаниялар арасында орбитаға ғарыш аппараттарын жеткізу бойынша көшбасшы бірлестікке айналды.