Ұлыбританияда жұмыс күшінің тапшылығы рекордтық көрсеткішке жетті
Оған Брекзит себеп. Өйткені корольдік Еуроодақ құрамынан шыққалы мұнда өзге елдерден еңбек мигранттарының келуі қиындаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Былтыр маусымдағы статисткаға сүйенсек, 330 мың маман тапшы болған. Бұл – еңбекке жарамды тұрғындардың 1%-і. Қазір әсіресе логистика, құрылыс пен қонақ үй бизнесінде маман тапшы. Брекзит аздай, инфляция да өршіп тұр. Соның салдарынан жалақысының төмен екенін айтқан дәрігерлердің біразы қызметінен кетіп қалған. Ақхалаттылар жетіспей, денсаулық сақтау саласында дағдарыс болып жатыр.