Оңтүстік Кореяда білім ұйымдарына кибершабуыл жасалды
Оңтүстік Кореяда хакерлер 12 білім ұйымының сайтына шабуыл жасап, 54 гигабайт мәліметті қолды етті. Бұл туралы Ёнхап (Yonhap) ақпарат агенттігі хабарлады.
Жапа шеккендердің арасында танымал университеттер бар. Салдарынан олардың порталдары түні бойы жұмыс істемеген. Ақпарат құралдары шабуылды қытайлық хакерлік топтың бірі жүзеге асырғанын айтады. Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген.