Оңтүстік Кореяда мұнай мен газ импорты ұлғайған
Оңтүстік Корея былтыр мұнай, газ және көмірді рекордтық көлемде импорттады.
Бұған әлемде энергоресурстардың қымбаттауы ықпал еткен. Мысалы, таңғы шық елі өткен жылы 57 млрд долларға көгілдір отын сатып алған. Бұл 1956-шы жылдан кейінгі ең ірі көлемдегі импорттау - дейді сарапшылар. Ал қара алтынға 105 млрд доллар жұмсаған. Оңтүстік Корея энергоресурстардың көп бөлігін шетелден тасымалдайды. Салдарынан былтыр елдің сауда балансының дефициті 47 млрд долларға жетіп, билік газ бағасын көтеруге мәжбүр болған.